«СНН» фирмасы ЖШС 1998 жылы пікірлестер ұжымымен құрылған, олардың жоспарында бәсекелесуге қабілетті құю өндірісін құру және дамыту болды. Жеке ынталылығы, ресурстарды барынша қолдануы, экономика мен нарықтың беталыстарына сақ болуы «СНН» компаниясының динамикалық дамуын және қалыптасуын қамтамасыз етті. Бүгінгі күні «СНН» фирмасы ЖШС ұйымшыл ұжымы, шығарылатын өнімнің кең спектрі бар, тұтынушылар мен серіктестер арасында сый мен абыройға бөленген келешегі бар кәсіпорын болып саналады. 1999 жыл «СНН» фирмасы ЖШС-не құюды механикалық түрде өңдеу бойынша цехті пайдалануға енгізуімен белгіленді. 2001 жылы шығарылатын өнімінің мүмкіншіліктерін көбейтіп әрі сипаттамаларын жақсарту үшін кәсіпорын Ресей өндірісінің өнімді уатып шашу бойынша тазарту машинасына ие болды. Өнімділігі сағатына 1,5 тонна жаңа жабдықтың арқасында «СНН» кәсіпорны құймалардың ең соңғы тазартуын жақсарылған тауар түрімен әрі сапасымен жүзеге асыруға мүмкіншілікке ие болды. «СНН» кәсіпорны металлдарды қайта өңдеу технологияларды игеру бағытында дамуын әрі қарай жалғастырады. 2002 жылы компания сыйымдылығы 1 тонна, өнімділігі жоғары ИСТ индукциялық балқыту пешіне ие болды. Жаңа жабдықтың көмегімен компания балқыту уақытын қысқартып әрі өнімділікті көбейту мүмкіншілігіне қол жеткізді. «СНН» компаниясы өз күшін металлургия кәсіпорындарымен ынтымақтастық және серіктестік құруға салады, өнеркәсіптің әр түрлі салалары үшін құю өндірісін игереді және дамытады. Серіктестік қатынастарды ұлғайту және өндірістік күшті көбейту түйіндер мен жылжымалы құрамдардың деталдерінің, локомотивтердің бірқатар атауларын жасауға тапсырыстар алуға келтірді. 2003 жылда кәсіпорын моделдік жабдықтау өндірісі бойынша цех қосты, бұл тапсырысты орындау мерзімдерін қысқартуға әрі номенклатураны кеңейтіп шығарылатын өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіншілік берді. 2004 жылғы жағдайда «СНН» кәсіпорны ВЧ40-ВЧ60 маркалы аса берік шойын өндірісін игерді, бұл соңында машина жасау және темір жол қажеттеріне бірқатар позицияларды игеруге келтірді. Кәсіпорын дамуының осы сәтінде ең басты мақсат шығарылатын өнімнің сапасын мұқият бақылау болып қойылды, бұл кәсіпорынның нарықтағы позицияларын нығайтады әрі лайықты абыройға ие болуға жол береді. 2006 жылы «СНН» компаниясы вакуумды көпарналы ДФС-51 эмисия спектрометрін орнаттырды, ол қара және түсті металлдардың химиялық құрамын белгілеуге мүмкіншілік береді. Бұл иемдену өнім сапасын бақылауды жоғарлатып металл өнімдерді сертификаттауға қол жеткізді. 2007 жылы өндіріс технологиясындағы алға басқан қадам, сағатына 170 нысан өнімділігімен құм-сазды нысандар жасау үшін, HWS (Германия) фирмасының FBO III опокасыз қалыптастыру машинасының жаңа ұрпағын алу болды, ол аса дәл, сапалы, ең төмен әдіппен құймалар жасау өндірісін қамтамасыз етті, бұл жағдай айына 500-600 тонна дайын құйма беретін өндіріс күшіне жетуге жол берді. 2010 жылы кәсіпорын техникалық базасын, өнімділігі сағатына 33 тонна, Eirich неміс фирмасымен жасалған RV 19 қоспалар әзірлейтін кешенмен ұлғайтты.
|