«СНН» фирмасы ЖШС – бұл құю өндірісі және механикалық өңдеу саласында өз әрекетін белсенді дамытатын қазіргі заманға сай өндірістік кәсіпорын.
Негізгі мамандану көміртекті, марганец, хромды және қосындыланған болаттардан; сұр, аса берік, қызуға берік және арнайы шойындардан, сонымен қатар түсті металлдардан мен қорытпалардан (жез, қола, мыс) құйма жасау өндірісі болып табылады. Қазіргі технологиялық процесс дәлдігі 7-10 класс бойынша құймалар жасауға мүмкіншілік береді, бетінің бұдыры 12 мкм бастап, жағының қалыңдығы 3 мм бастап. Салмақ дәлдігінің коэффициенті орта есеппен 0,85 құрайды. Өндіріс әзірлеу мерзімдері деталь сызбасынан бастап дайын өнім жасауға дейін 40-60 күнтізбелік күн құрайды. Металл балқыту мен қорытпалар әзірлеу, сыйымдылығы 200 кг бастап 1500 кг дейін болатын, 5 жоғары жиілікті индукциялық пештерінде өндіріледі.
Біздің кәсіпорынның қазіргі заманның құю нарығында позициясын нығайтуға әсер ететін негізгі фактор тұтынушылар қалауын әрі өнімнің сапасына қойлатын талаптарды толығымен қанағаттандыру болып табылады. Бүгінгі күнде «СНН» компаниясы, қажетті инфрақұрылымы бар болғандықтан, жоғары сапалы өнім шығаруға толық мүмкіндігі бар. Сапаны бақылау орталық зертхананың және техникалық бақылау бөлімінің инженер-техникалық қызметкерлеріне жүктелген.
Компания, сапаны жасаудың әр сатысында қадағалаудың тиімді әдістерін қолдана отырып, өнім өндірісін кезең-кезеңмен бақылау позициясында тұрады.
- Кәсіпорынға келетін, негізгі де, косалқы да, барлық материалдардың бақылауы жүзеге асырылады.
- Құймалар өндірісінің барысында операциялық бақылау жүзеге асырылады.
- Өзекті және формалы қоспалардың сипаттамалары бақылауға ілігеді.
- Балқыту барысында химиялық құрам экспресс-талдауға ілігеді.
- Құйдыру температурасы бақыланады.
- Құйманың механикалық әрі басқа да сипаттамалары бақыланады.
- Дайын өнім қабылдау бақылауынан өтеді.
Өндіруші шығарылатын құймалар сапасының сипаттамаларын сапа сертификаттарын беріп растайды.
«СНН» орталық лабораториясы қазіргі заманға сай жабдықпен толықтырылған және оның құрамына төмендегілер кіреді:
- механикалық байқау мен химиялық талдау лабораториясы.
- балқыту барысында металлдардың химиялық құрамын экспресс белгілеуге арналған лаборатория.
- өзекті және формалы қоспаларды талдауға арналған лаборатория.
Бүгінгі күні зауыттың қара құйманы жылына 6000 тоннаға дейін және түсті құйманы 300 тоннаға дейін шығаруға өндірістік күші, қажетті энергетикалық ресурстары, білікті инженерлік әрі жұмысшы кадрлары бар. Кәсіпорын темір жол, құрылыс, электр энергетикалық, машина жасау, мұнай-газ, тау-кен қазушы және энергия өндірту салалары үшін құймалар өндіреді.
«СНН» компаниясы біздің тұтынушылардың қалаулары мен талаптарын қабылдап келесіге дайын:
- құймаларды алдын ала механикалық өңдеу бойынша жұмыстар өткізуге,
- құймаларды гидравликалық сынақтан өткізуге, ультрадыбыс бақылауды өткізуге, рентген бақылауды, сонымен қатар түсті әрі магнитті дефектоскопияны жүзеге асыруға.
Кәсіпорынмен сынақтың осы түрлерін өткізу, тұтынушыға құймаларды ішкі құю міндермен тапсыруға ең аз мүмкіншілігін жоюға қол жеткізеді.
«СНН» компанияның негізгі серіктестер ретінде «Экибастуз ГРЭС-1» ЖШС, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Алға-А» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ және тағы басқа кәсіпорындарды атаған жөн.