Кәсіпорында 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін пайдалануға, неміс өндірісімен шығарылған, жаңа жоғары технологиялық жабдығымен жарақталған жаңа құю цехі қосылды.
Жабдықтың құрамына төмендегілер кіреді:
- “HWS” неміс фирмасымен жасалған FBO III опокасыз қалыптастыру автоматикалық машинасы;
- “Eirich” неміс фирмасымен жасалған қоспалар әзірлейтін автоматикалық кешен;
- құмды алдын ала салқындату қондырғысы;
- пайдаланылған қалыптастыру қоспаның вибрациялық уатқышы;
- қалыптастыру телімдеріне және жинақтау бункерлеріне құм жеткізуді қамтамасыз ететін ленталы транспортерлер жүйесі;
- опокалардан құймаларды шығаруды, опокаларды қағуды және оларды жеткізу бағыттарда реттеуді қамтамасыз ететін робот-манипулятор;
- қалыптастыру, құю, қағу телімдері арасында опокалар жолдары бойынша өтетін конвейер;
- құймаларды болат ұнтақтарымен тазартуға арналған уатып шашу қондырғының автоматикалық желісі;
- компрессорлық станциясы;
- шаң жою жүйесі
Цех жабдығы тоқтаусыз циклды өндіріс жағдайында жасайды. Цех өнімділігі – тәулігіне құйылған жартылай әзірленген бұйымдардың 20 тоннасына дейін барады. Алайда технология автоматтандырылған, ресурс сақтайтын әрі экология жағынан қауіпсіз болып табылады.
Компоненттерді дәл мөлшерлеу бентониттың, күюге қарсы қосымшалардың және жаңа құмның шығыны азаюын қамсыздандырады. Ленталы транспортерлер жүйесі құю цехінің өнімділігін елеулі жоғарлатады.
Регенерация жүйесі регенераттын 98 пайызына дейін пайдалануға жол береді, бұл шығындарды төмендетіп қоршаған ортаны сақтауға мүмкіншілік туғызады. Қалыптастыру жүйелерін, салқындатуды және пневмокөлікті басқару автоматикалық түрде жүзеге асырылады.
«СНН» фирмасы ЖШС кемшіліксіз дерлік өндірістік база құрылған. Ол сапалы әрі уақытында тіпті ең күрделі тапсырыстар орындауға қол жеткізеді. Өндірісті басқарудың икемді жүйесі бір бұйымдарды жасаудан басқа бұйымдарға ауысуды жедел түрде істеуге мүмкіншілік береді. Кәсіпорын штаты тәжірибелі, жоғары білікті мамандармен толықтырылған.
«СНН» қолданылатын қазіргі заманға сай құю технологиялары, жоғары сапамен төмендегілерді өндіруге мүмкіншілік береді:
- құм-сазды нысандарға құймалар жасау (құймалар салмағы 100 г бастап 50 кг дейін);
- ХТС құю жасау (құймалар салмағы 5 кг бастап 1000 кг дейін);
- кокилге құю жасау (1000 кг дейін);
- сыртқа тепкіш құю жасау;
Біз өз өніміздің сапасына терең оймен қараймыз – біздің басты артықшылығымыз болып нақ сол сапа табылады. Сондықтан бізге келіп түскен шикізаттың барлығы меншік зертханада кіріс бақылаудан өтеді. Зауыттың өнімі өндірістің әр сатысынан кейін тексеріледі. ТББ бұйымдардың ақырғы сапасын тексереді.
Біздің тұтынушылар құю өндірісі саласындағы соңғы технологиялық жетістіктер көмегімен жасалған өнімге ие болады.