«СНН» фирмасы ЖШС кадр саясаты сұрақтарында қызметкерлерді жедел түрде басқаруды жүзеге асыруға, жұмыстын тиімділігін, өнімділігін қамтамасыз етуге қол жеткізетін және әр қызметкердің әлеуеті мен ресурсын анықтауға мүмкіншілік беретін айқын қағидаттарды қолданады.
Компанияның басқарушылық тәсілдеме стратегиясы
Кәсіпорынның ең бағалы ресурсы болып қызметкерлер табылады. Компания жұмысының тиімділігі ұжымның ұйымшылдығы, оның өнімділігі мен жинақылығына тәуелді. Компания кадр саясатының негізгі стратегиялық мақсаты, қазіргі заман нарығының динамикасын ілтипатына алуға қабілеті бар, жоғары білікті пікірлес ұжымын құру болып табылады. Ол мақсатқа жету, қызметкерлердің тиімді жұмыс жасауға барлық қажетті шарттарды орындау, сонымен қатар бірігіп салынған күш нәтижелері бойынша жеке ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдеме біздің компанияға, кәсіпорында жұмыс жылдары өту барысында баға жетпес тәжірибеге байып шығатын білікті кадрларға ие болуға мүмкіншілік береді.
Қызметкерлер серіктес ретінде
Біздің қызметкерлермен өз ара қарым-қатынас негізінде серіктестік қағидаттары салынған. Серіктестік қарым-қатынастар біздің қызметкерлерді шешім қабылдау және идеялар ойластыру барысына тартуды ұйғарады. Бұл жағдайда біздің мақсат компромисс табу әрі, жұмыскердің де жұмыс берушінің де,мүдделерін ұтымды түрде байланыстыру болады.
Жасампаздық және жігерлілік
«СНН» компаниясы қызметкерлерінің жігерлілігін қолдайды. Өз дербестігін білдіре алу, қойылған мақсатқа жету барысында шығармашылық тәсілдеме қолдана білу – қай деңгейдегі болса да қызметкердің жағымды қасиеті.
Жұмыс нәтижелеріне жауаптылық
Біздің қызмет аясында әр қызметкерге жоғары дәрежелі жауаптылық жүктеледі. Әр қызметкердің шығарылған өнімге немесе технологиялық процесіне жеке жауаптылығын мойындауға деген дайындығының маңыздылығы аз емес. Жұмысқа берген барлық ұжымның дербестендірілген үлесі кәсіпорынның табыстары мен жетістіктеріне қатыстылығын сезуге, сонымен қатар, қателер немесе кемшіліктерді түзетуге деген дайындыққа келтіреді.
Кадр саясатының икемділігі
Қызметкерлерді басқару барысында компания HR-менеджмент аясындағы жетістіктерді қолданады, еңбек нарығының өзгерістерін мұқият зерттеп, кадр саясатына түзетулер енгізеді. Қызметкерлермен өткізілетін жұмыс ағымдағы мақсаттарға да, сонымен қатар болашақ нәтижелерге де бағытталған.
Ашықтық саясаты
Біз жас мамандарды қолдаймыз әрі оларға тәжірибе алуға және кәсіпорында құзырлы маман ретінде тұрақтануға мүмкіншілік береміз.
Ынталандыру саясаты
Жұмыскерлердің еңбек ақысы кәсіпорынның қызмет ету нәтижелеріне байланысты. Біздің мақсат әр жұмыскерді еңбек нәтижелерінің нақты бағасын және құзырлық деңгейін есепке алып көтермелеу. Қызметкерлерді ынталандыру жүйесіндегі міндетті әдіс болып еңбек ақыны жоғарлату болады.